Абиба Әбужақынова спорттағы карьерасына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
502

Қазақстандық танымал дзюдошы Абиба Әбужакынова өзінің спорттағы болашағына қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Спортшы Instagram парақшасында өзінің сүйіктісімен түскен суретін жариялады. Бұған дейін ол жігітінің үйлену туралы ұсыныс жасағанын айтып, келісімін берген еді. Жаңа жарияланымында Абиба жанкүйерлерінің сұрағына жауап беріп, жеке өміріндегі өзгерістерге қарамастан, спорттан кетпейтінін нақты жеткізді.

«Мен әлі спорттан кеткен жоқпын, тағы 3-4 жыл күресемін, ИншаАллах. 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына барамын», - деп жазды ол сторисінде.

Айта кетейік, Абиба Әбужакынова қазіргі таңда 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Халықаралық дзюдо федерациясының рейтингінде көш бастап тұр. Оның еншісінде 2025 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдесі, сондай-ақ 2022 және 2024 жылдардағы әлем біріншіліктерінің қола медальдары бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...