Ламин Ямаль Мбаппені басып озып, ғасыр рекордын жаңартты

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

СПОРТ
125

"Барселона" мен Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль "Райо Вальекано" қақпасына екі гол соғып, командасының ірі есеппен жеңіске жетуіне септігін тигізді. Алғашқы голының арқасында футболшы кезекті рет тарихқа енді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

"Райоға" қарсы матч каталониялықтар үшін сәтсіз басталды – олар 12-минутта гол жіберіп алды. Алайда Рафинья мен Ямальдың күш салуымен "Барселона" 21-минутқа қарай ойын тағдырын өз пайдасына шешті.

21-минутта соғылған гол Ламин үшін "Барселона" жейдесіндегі 50-ші гол болды. Осы уақытқа дейін каталониялықтар сапында бірде-бір ойыншы мұндай жас кезінде сонша гол соға алмаған – Ямальдың жасы небәрі 19 жас 49 күн.

"Ламин Ямаль Холанд пен Мбаппенің рекордтарын жаңартып, үздік бес лига тарихында 50 гол соққан ең жас ойыншы атанды", - деп хабарлады "Барселонаның" баспасөз қызметі.

Бұған дейін каталониялықтар арасында 50 гол соққан ең жас ойыншы рекордын Хосеп Эскола иеленіп келген еді. Ол 1935 жылы 20 жас 356 күнде 50 голдың авторы атанған болатын.

Ямаль 16 жас 57 күнінде Испания құрамасы сапында дебют жасап, ұлттық команданың тарихындағы ең жас ойыншы атанды. Сол кездесуде гол соғып, Испанияның ең жас гол авторы деген рекордты да жаңартты. 

EURO 2024 турнирі Ямаль үшін ерекше болды. Ол 16 жасында Еуропа чемпионаты тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

Францияға қарсы жартылай финалда 16 жас 362 күнінде гол соғып, турнир тарихындағы ең жас гол авторы атанды. Ал Испания чемпиондыққа қол жеткізген кезде Ямаль небәрі 17 жаста еді. Осылайша ол Еуропа чемпионатын жеңген ең жас футболшы атанды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қонаев қаласының соты 8 мыңнан астам адамды тартып, 21 млрд теңгеден астам қаражат жинаған Amanat Dr...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына ж...