Эстониядағы турнирде қазақтандық мәнерлеп сырғанаушы күміс жүлде алды

Сурет: ҰОК

СПОРТ
2389

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады madeniportal.kz ҰОК-ға сілтеме жасап.

 

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья үшінші орында тұрған еді. Алайда, еркін бағдарламада өз жағдайын жақсартып, нәтижесінде екінші орынға ие болды. Жалпы Самоделкина 173,25 ұпай жинады.

 

Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал, қола медалді канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.

СПОРТ

Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси Росарио қаласындағы клиникада 68 жасында қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты сот процесі жалғасып жатыр. 7 тамы...