Қоштасу матчы болады: Мансабын аяқтаған Лионель Месси ұлттық құрамаға оралды

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
161

"Интер Майами" мен Аргентина құрамасының 39 жастағы жұлдызы Лионель Месси ұлттық құрама сапында тағы бір матч өткізеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Команданың бас бапкері Лионель Скалони мен AFA президенті Клаудио Тапиа аңыз футболшыға қоштасу матчін ұйымдастыруды ұйғарған. 

Ол үшін олар Мессиді алдағы жолдастық кездесулерге қатысатын құрамға қосты.

"Ұлттық құраманың бас бапкері Лионель Скалонимен сөйлескеннен кейін, біз әлемнің үздік ойыншысы, командамыздың символы әрі капитанымыз Лионель Мессиді 6 қазанда осында, Аргентинада өзіне лайықты қошеметпен шығарып салу үшін шақыруды жөн көрдік.

Оның үстіне, Лионельдің келісімін алып, біз онымен бірге 2022 жылғы Қатардағы турнирде өнер көрсеткен барлық әлем чемпионын (отбасыларымен бірге) осы матчке қатысуға шақырамыз. Бұл ойын барша аргентиналық жанкүйерлер үшін ұмытылмас оқиға болады, өйткені олар планетаның үздік ойыншысының "соңғы биіне" куә болады", - деді Тапиа. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы "Шығыс" тұрғын үй кешенінде болған отбасылық жанжал ерлі-зайыптылардың өлімімен аяқталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі іске қосылғалы бері оның нысандарында үш қылмыстық жән...