Ресейлік "Зенит" футбол клубының қазақстандық футболшысы Нұрәлі Әліп ойыннан соң сұхбат берген, деп...
Азиадада қоржынды Екатерина Таранцева слаломда есуден қола жүлдемен толтырды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында слаломда есуден жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әйелдер арасында кайак сайысы бойынша 19 жасар Екатерина Таранцева да 112.23 ұпаймен 3-орын алды.
Тағы бір назар аударарлық жайт – Екатерина жартылай финалда 113,38 секундпен бесінші орын алған еді. Финалда ол нәтижесін 1 секундтан астам уақытқа жақсартып, жүлделі үштікке кірді.
Бірінші орынды Жапония спортшысы жеңіп алса, күміс жүлде Қытайға бұйырды.
Ерлер арасындағы каноэден финалда Александр Куликов 156.52 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Екатерина Таранцева Азиадада қатарынан екінші рет қола медаль алды. Ол бұған дейін Ханчжоудағы Азия ойындарында да үшінші орын алған.