Ел классикосы 1-0: “Қайрат” тағы да жеңілді

Фото: fca.astana

СПОРТ
143

Бүгін Астана Аренада ел классикосы өтті. Елордалық “Астана” мен алматылық “Қайрат” ҚПЛ-дің 27-туры аясында матч өткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өткен маусымда финалда тартысты ойын өткізіп, нәтижесінде Қайрат жеңіске жетіп, чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, осы маусымның басында “Астана” Алматыға барып 4:0 есебімен ұтылып қалған болатын. Айқын басымдықпен жеңіске жеткен “Қайрат” кестеде “Ордасыдан” кейін 2-орында табан тіреп, биыл да чемпиондыққа басты үміткер болуда. 

Бүгін Астана Аренада өткен тартысты матчқа елордалық клубтың үлкен дайындықпен шыққаны байқалды. Үлкен есеп айырмасымен жеңіліп, есе жіберіп алған команда үш ұпайды толық алуға барын салды. 

Алматылық “Қайрат” өткен аптада “Тобылдан” 4:1 есебімен ұтылып қалғаннан кейін тез ес жиып, маңызды ойынға сақадай сай келген. Дегенмен, сол күтпеген жеңілістен кейін Қайратта қақпашы ауысты. Астаналық командаға қарсы матчта қақпаға Шерхан Қалмұрза тұрды. 

Ойын 1:0 есебімен аяқталып, “Астана” клубы жеңіске жетті. Жалғыз голдың автор Рамазан Кәрімов. Ал, “Қайрат” бірінші таймның бастапқы минуттарында-ақ бір ойыншысынан айырылып, матчтың соңына дейін 10 ойыншымен минималды есепті сақтап қалды. Қызыл қағаз алған 6-нөмірлі Әділет Садыбеков. 

Алматылық “Қайрат” 1 ойыншыға кем ойнағанына қарамай барын салғанымен есепті теңестіре алмады. Дегенмен, ойын барысында голға айналуға сәл қалған соққылар да болды. “Астана” бойынша да сол жағдай. Өз стадионында ойнаған команда үшін де есепті еселеуге мүмкіндіктер болды. Бірақ, қарсылас команданың қорғанысы мен қақпаға қамал болған Шерхан Қалмұрза жақсы сейвтері мүмкіндік бермеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-тың Мичиган штатында бір отбасының сегіз мүшесі қаза тапқан қайғылы оқиға болды. Полицияның мәлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның басым бөлігінде 17 қыркүйекте таңертең тұман түсіп, солтүстік пен батыс өңірлерде жаңбы...