Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалын ірі есеппен жеңді

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

СПОРТ
179

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жартылай финалдық жекпе-жекте бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны үндістандық Нарендермен кездесті. 

Алғашқы раунд барлаудан басталды: боксшылар қажетті арақашықтықты іздеп, бірден айқасқа түсуге асықпады. Оралбай қарсыласының шабуылдарынан қорғана жүріп, жекелеген соққыларға мән берді және ұзақ комбинациялар жасады. Нарендер болса, қазақстандықтың денесінен ұруға тырысты. Раунд аяқталар тұста Оралбай бірнеше дәл комбинация жұмсап, қарсыласынан сәтті қорғанды. Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандыққа берді - 5:0.

Екінші раундта үндістандық боксшы белсенділікті арттырғанымен, бұл басымдықты сақтап қалуға жеткіліксіз болды. Оралбай жүйелі түрде шабуылдап, қарсыласын арқанға тақады және дәл соққылар сериясын жасады. Қазақстандық Нарендердің тигізбек болған барлық әрекеттерінен сытылып кетіп отырды. Екінші раундта да төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақстандыққа берді.

Шешуші кезең де дәл осындай сценариймен өтті: қазақстандық рингте үстемдік етіп, өзіне соққы дарытпастан қарсыласын соққының астына алды. Раундтың аяқталуына бір минут қалғанда Айбектің соққысы дөп тиіп, төреші қарсыласын нокдаунға есептеді. Нәтижесінде Айбек Оралбай 5:0 есебімен айқын жеңіске жетіп, Азиада финалына жолдама алды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде түнде мейрамхана маңында тапаншадан оқ атқан ер адам қамауға алынды, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада әйелдің өлімінен кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлады...