Қазақ спортшысы Милан Олимпиадасына Қытай атынан қатысады

Фото: Синьхуа

СПОРТ
825

Қытайда туып-өскен ұлты қазақ спортшы Ақнар Адақ Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Қандасымыз Милан Олимпиадасында әйелдер арасында командалық конькимен жүгіру жарысында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Конькиші Ақнар Адақ — Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген.

Бірнеше мәрте Қытай чемпионы, қысқы Азия ойындарының және басқа халқарылқ жарыстардың жеңімпазы. Сонымен қатар, ол Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай құрамасы сапында өнер көрсеткен.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақнар Адақ Хатинохе қаласында (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Қазақ қызы Харбин қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден командалық із қуу жарысында алтын медаль еншілеген еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...