29 қарашада Астанада еркін және грек-рим күресі бойынша Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді, д...
Қазақстан Фарер аралдарымен тағы да тең түсті
Фото: kff_team
Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 маусымындағы кезекті кездесуінде Астанада Фарер аралдарын қабылдап, тартысты ойында 2:2 есебімен тең түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
6 қазан «Астана Аренада» өткен кездесудің алғашқы минуттарында алаң иелері белсенді қимылдағанымен, есепті қонақтар ашты. 22-минутта Пэтур Кнудсен Қазақстан қақпасына гол соғып, Фарер аралдарын алға шығарды. Бірінші тайм 0:1 есебімен аяқталды.
Екінші таймда Қазақстан есепті теңестіруге ұмтылғанымен, 63-минутта Геза Давид Тури Фарер аралдарының екінші голын соқты. Осылайша қонақтар есепте 2:0 алға шықты.
Алайда Қазақстан құрамасы ойын соңына қарай таразы басын теңестіре алды. 68-минутта Сергей Малый алыстан дәл соққы жасап, есеп айырмасын қысқартты.
Араға сегіз минут салып, Нұралы Әліп Максим Самородовтың нәтижелі пасынан кейін баспен соққы жасап, есепті 2:2-ге жеткізді.
Кездесудің соңғы бөлігінде командалар он ойыншымен қалды. 68-минутта Фарер аралдарының қорғаушысы Мартин Агнарссон екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Ал 85-минутта Сергей Малый қызыл қағаз алды.