Алматы дзюдо федерациясы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді

KAZ.NUR.KZ

СПОРТ
2411

Бүгін Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық дзюдошылардың алғашқы легі елге оралды. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлде иегері Ғұсман Қырғызбаев та бар. 

Алматы қалалық дзюдо федерациясының өкілдері 66 кг салмақ дәрежесінде Олимпиаданың қола жүлдесіне ие болған Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді. 

Еске салайық, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін белдесуде сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичті "вазари" ұпайымен жеңген еді. Ал оған дейін Париж татамиінде Елдос Сметов (60 кг) франциялық спортшы Лука Мхеидзеден басым түсіп, алтын жүлдені қанжығалаған болатын. 

Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдесі бар. Байрақты бәсеке 11 тамызға дейін жалғасады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...