Әсем Орынбай Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екі медаль салды

Қорғаныс министрлігі

СПОРТ
121

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында стенд атудан әйелдер арасындағы жарыс аяқталды. Қазақстан құрамасы «скит» жаттығуында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ел намысын Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаева қорғады. Іріктеу қорытындысында қазақстандық спортшылар 274 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады.

Алтын жүлдені 287 ұпай жинаған Қытай құрамасы иеленсе, 266 ұпаймен Үндістан спортшылары қола жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар Әсем Орынбай жекелей сында да жүлдегер атанды. Ол финалда 28 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

«Жекелей “скитте” ұлттық құраманың көшбасшысы Әсем Орынбай финалда 28 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Бұл сайыста Қытай спортшысы жеңіске жетсе, Таиланд өкілі күміс медаль иеленді», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Осылайша, Әсем Орынбай Азия ойындарында командалық сында күміс, жекелей бәсекеде қола жүлдеге қол жеткізді.

СПОРТ

Әлижан Аблағатов Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында ушудан алғашқы медальді жеңіп алып, бұл ойын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда көршісі туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан 66 жастағы әйел жауапқа тартылды, д...