Қазақстандық боксшылардың Азия ойындары финалындағы қарсыластары анықталды

Фото: ЖИ

СПОРТ
795

2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан финалға шыққан екі боксшының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Құрлықтық бәсекеде бүгін, 30 қыркүйекте еліміздің атынан төрт боксшы сынға түсті. Олардың арасынан 70 келіде Төрехан Сабырхан өзбекстандық Шавкатжон Болтоевты қапы қалдырды.

Сондай-ақ 29 қыркүйекте 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай үндістандық Нарендерді 5:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Енді 2 қазанда Төрехан Сабырхан финалда иорданиялық Зейяд Ишаишпен қолғап түйістірсе, сол күні Айбек Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировпен шеберлік байқасады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...