Қазақстан Ұлттық Банкі қос қадамнан тұратын алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткенін ескертеді, деп жаз...
Странджа кубогі. Қазақ қоржынында екі жүлде
Болгария астанасы Софияда өткен Странджа кубогі аяқталды.
Қазақстан бұл жарыста тек екі жүлде еншіледі: 57 келіде Оразбек Асылқұлов күміс иеленді, ал 75 келіде Нұрқанат Райыс қола алды. Бұл жарысқа Қазақстан 12 боксшы әкелген еді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан жетінші орынды Италия (0-1-1) және Түркиямен (0-1-1) бөлісіп тұр. Көш басында Өзбекстан - жеті алтын, төрт күміс және бес қола. Екінші орында Болгария (4-1-1), ал үшінші орынды АҚШ (1-0-2) түйіндеп тұр.
Мысал үшін, Странджа кубогінде былтыр Қазақстан тоғыз жүлде жеңіп алған - екі алтын, екі күміс және бес қола жүлде. Ол кезде де Өзбекстан бірінші болды, ал біздің команда Ресеймен бірге екінші орынға тұрақтаған болатын.
Странджа кубогінің жүлделік есебі:
1. Өзбекстан — 7-4-5
2. Болгария — 4-1-1
3. АҚШ — 1-0-2
4. Бразилия — 1-0-1
5. Армения — 0-2-2
6. Үндістан — 0-1-2
7. Қазақстан — 0-1-1
7. Италия — 0-1-1
7. Түркия — 0-1-1
10. Аргентина — 0-1-0
10. Эквадор — 0-1-0
12. Грузия — 0-0-2
12. Дания — 0-0-2
14. Қытай — 0-0-1
14. Аустралия — 0-0-1
14. Ирландия — 0-0-1
14. Польша — 0-0-1
14. Грекия — 0-0-1
14. Әзірбайжан — 0-0-1.