Ақтауда көпқабатты үйдің шатырынан құлаған жалаңаш ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қайғыл...
Шахта жарылды: екі адам қаза тауып, бір кенші үйінді астында қалды (ВИДЕО)
Фото NTV
Түркияда жекеменшік көмір шахтасында метан газы жарылып, екі жұмысшы қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz NTV телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Түркияның Гелик елді мекенінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, шахтада метан газы жарылған.
Жарылыстан зардап шеккен бес жұмысшы медициналық мекемеге жеткізілген. Олардың бірінің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.
Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлу зардап шеккендердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында екенін мәлімдеді.
«Зардап шеккен бес адамның бірінің жағдайы ауыр, ол ем қабылдап жатыр. Біздің мамандар өңірде жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп, жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр», – деді министр.
Сонымен қатар екі жұмысшы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Оларды әрі қарай емдеу үшін Анкараға жеткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта тағы бір кенші үйінді астында қалып отыр. Оқиға орнында құтқарушылар оны іздеп, үйінді астынан алып шығу жұмыстарын жүргізуде.
Жарылыстың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.