Алматы – Астана рейсінде үш жолаушының жағдайы күрт нашарлаған

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
36

Алматыдан Астанаға ұшып бара жатқан ұшақта бір мезгілде үш жолаушының денсаулығы сыр берді. Абырой болғанда, бортта Өскемен қаласының тәжірибелі дәрігері Рая Рахимова болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 18 қазанда болған. Ұшу кезінде үш жолаушы әйелге медициналық көмек қажет болып, бортсеріктер жолаушылар арасында дәрігер бар-жоғын сұраған. Осы сәтте Өскеменнен келген дәрігер Рая Рахимова көмек көрсетуге кіріскен.

Жолаушылардың бірінің қан қысымы көтерілген. Жақында бүйрек трансплантациясын жасатқан кішкентай қыздың басы ауырып, аяғы ісінген. Ал үшінші әйел әлсіздік пен қан қысымының төмендеуіне шағымданған.

Рая Рахимова үшеуін де тексеріп, денсаулық көрсеткіштерін бақылаған. Әсіресе бүйрек алмастыру операциясынан өткен қызға ерекше көңіл бөліп, медициналық құжаттарымен танысқан және психологиялық қолдау көрсеткен.

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұшақ Астанаға қонғанға дейін үш жолаушының да жағдайы жақсарған. Олар дәрігерге дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірген.

Рая Рахимованың айтуынша, әуе сапары кезінде жолаушыларға медициналық көмек көрсетуге тура келген жағдайлар бұған дейін де болған.

Денсаулық сақтау басқармасы дәрігердің көпжылдық еңбегіне де тоқталды.

«Шығыс Қазақстанда Рая Рахимованы медициналық көмекті дамытуға өмірін арнаған маман ретінде таниды. Оның кәсіби жолында өзі басқарған Ана мен бала орталығы ерекше орын алады. Көпжылдық тәжірибесі хирургия, урология және акушерлік қызметпен тығыз байланысты», – деп хабарлады басқарма.

Қазіргі уақытта Рая Рахимова Өскемен қаласындағы емханалардың бірінде бас дәрігер қызметін атқарады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Байқоңырда полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, дене жарақатын салған 17 жастағы жасөспірімге қат...

АЙМАҚТАР

«Қазгидромет» 24–25 қазан күндері Қазақстанның 10 облысында ауа райының күрт өзг...