Өзбек ағайындар 5 алтынмен 14-орыннан бір-ақ шықты

Фото: inbusiness.kz

СПОРТ
2286

Өзбек боксшылары Асахуджа Муйдинхужаев (71 кг) пен Лазизбек Муллажонов (-92 кг) Париж Олимпиадасындасының чемпионы атанды, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Осылайша, финалға шыққан өзбектің бес боксшысының үшеуі алтын алса, қалған екеуі рингке 10 тамызда шығады.

23 жастағы Асахуджа Муйдинхужаев финалда мексикалық боксшы Марко Алонсо Верде Альвареспен кездескен болатын.

Алғашқы екі раундта өзбек аса белсенді жұдырықтасып, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ.

Нәтижесінде, төрешілер бірінші мен екінші раундты 5:0 есебімен Асахуджаның пайдасына шешті. Ал, үшінші раундта ол басымдықты қарсыласына беріп, қорғаныста көп әрекет етті.

Ауыр салмақта жұдырықтасқан Лазизбек Муллажонов болса, Әзірбайжан атынан өнер көрсететін кубалық Лорен Берто Альфонсо Домингеспен Олимпиада алтынын сарапқа салды.

Өзбек боксшысы үш раундта да қарсыласынан бір бас жоғары ойнап, әр раундты қиындықсыз жеңіп шықты. Қорытынды есеп – 5:0.

Осылайша, Париж Олимпиадасында Өзбекстан қоржынында енді бес алтын медаль бар.

Оның алғашқысын дзюдошы қыз Диера Келдиерова иеленсе, тағы біреуі таэквондошы Улугбек Рашидовқа тиесілі. Ал, қалған үшеуін боксшылар – Хасанбой Дусматов, Асахуджа Муйдинхужаев және Лазизбек Муллажонов жеңіп алды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...