Реал Мадрид 2025 жылғы 8 сәуірде өтетін Чемпиондар Лигасының ширек финалының алғашқы кезеңінде Арсен...
«Асхат Тағыбергеннен де көп»: Ордабасы легионерлерінің жалақысы белгілі болды
Коллаж Offside.kz
Қазақстан құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов пен қазақ спорт журналистері – Ермұхаммед Мәулен, Олжас Байбосын және Әлімжан Асқар Қазақстан Премьер-лигасының 4-тур ойындарын талқылады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
FonTeam подкастында сарапшылар ел чемпионатының алғашқы кезеңіндегі «Ордабасы» клубының нәтижелері жөнінде пікір білдірді.
Олжас Байбосынның айтуынша, мұндай бюджеті бар команда Премьер-лиганың алдыңғы қатарлы клубтарына сай құрам жасақтауы тиіс еді:
«Қазір шымкенттік клубтың бюджеті – 3,8 миллиард теңге. “Ордабасы” – лигада ең көп қаражат бөлінген команда. Олардың бюджеті “Ақтөбені” де, кез келген басқа кәсіби футбол лигасының клубтарын да басып озады. Бұл дегеніміз – клуб басшысы сапалы іріктеу жұмысын жүргізе алмаған деген сөз. Қазір олар жаңа легионерлерді әкелді. Егер сіздер олардың жалақысы Асхат Тағыбергеннен аз деп ойласаңыздар, қателесесіздер. Тіпті кейбірінің жалақысы одан да көп. Президент бәрін құртып тынды, енді жауап беретін де өзі», – деді комментатор подкаст барысында.
Айта кетейік, КПЛ-дің төрт турының қорытындысы бойынша «Ордабасы» небәрі 2 ұпай жинап, 13-орында – яғни, турнир кестесінің соңынан бір саты жоғары тұр.