Қазақ бапкері әлемде үздік деп танылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Спорт
87

Гонконгте өтіп жатқан таеквондодан Олимпиада ойындарының тарихи алтынын сыйлаған Есбол Сұлтанов әлемде үздік танылды, деп хабарлады madeniportal.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Париж олимпиадасынан соң танымалдылығы күрт артқан Есбол Сұлтанов Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының нұсқасы бойынша әлемнің үздік бапкері атанды. Қазір ол марапаттау рәсіміне қатысу үшін Гонконгке барған. Марапатты табыстау рәсімі сағат 17:00-де өтеді.

Есбол Сұлтанов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы да мүмкін. Бұл нұсқаны Федерация мен ҰОК басшысы қолдап отырған көрінеді. Құжатты енді Туризм және спорт министрлігі қарастырып жатыр.

Айта кетейік, таеквондодан 80 келіде бақ сынаған Тунис спортшысы Фирас Катоуси Париж олимпиадасының финалында Иран өкілін жеңіп, чемпион атанды. Ол финалға дейін барлық қарсыласын 2-0 есебімен жеңсе, шешуші кезеңде ирандық қарсыласынан да басым түсті. Бұл Тунис елінің тарихындағы осы спорт түрінен алғашқы алтын жүлде болды. Сондай-ақ Тунис сапынан 58 келіде өнер көрсеткен Мохамед Халиль Жендуби да Париж Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді. Осылайша, бір жылға жетер-жетпес уақытта қазақ бапкері баптаған Тунис спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...