Бүгін Қазақстан спортшылары Паралимпиадада төрт спорт түрінен бақ сынайды

Фото: bashinform.ru

СПОРТ
2114

Бүгін Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар төрт сайыс түрінен сынған түседі. Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz

Жарыс алаңына алдымен пара нысана көздеуден 12:30-да Еркін Ғаббасов жарыс жолына шықса, 15:00-де Севда Әлиева сайысқа түседі.

Ал, 13:08-де пара жеңіл атлетикада Гүлбақыт Қайыржанова ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ, пара таэкондодада 14:26-да Нұрлан Домбаев,14:48-де Нышан Өмірәлі жарысса, 17:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговинамен кездеседі.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Еске салсақ, Қазақстан пара спортшылары бұған дейін Паралимпиада ойындарында 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальды олжалаған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...