Қоржында 2 алтын. Зілтемірші Артем Антропов Әлем чемпионатында жеңіске жетті

Фото: ҰОК

СПОРТ
1999

Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов ауыр атлетикадан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль иеленіп, ел қоржынына үшінші медаль салды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Антропов 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Ол жұлқа көтеруде 170 келіні, ал серпе көтеруде 230 келіні бағындырып, қоссайыс бойынша 400 келі нәтижені көрсетті.

Екінші орынды Катар спортшысы Ибрахим Фарес Эльбах иеленді (399 келі, 174+225), ал үшінші орын испаниялық Маркос Руиз Веласкоға бұйырды (395 келі, 183+212).

«Бүкіл Қазақстанды осы жеңісімен құттықтаймын, кеше Нұрғис Әділетұлы бірінші орынға ие болды, осылайша, 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатындағы ерлер құрамасының тарихи жетістігін қайталадық. Алдымен, Жасұлан Қыдырбаев жеңіске жеткен, сосын келесі күні Илья Ильин өзінің мықтылығын дәлелдеді, сондықтан мен өте қуаныштымын. Оның үстіне бір жарым жарыстарға қатысқан жоқпын. Өзге жігіттер сияқты мен де биік тұғырға көтерілдім», - деді әлем чемпионы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...