Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты басталады, &nd...
FIFA Иранның әлем чемпионатынан шеттетілуі мүмкін екенін мәлімдеді
Фото: ИФФ
FIFA Ирандағы соңғы оқиғаларға байланысты жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні Иранға қарсы зымыран соққылары басталғанын жариялап, оны «ірі әскери миссия» деп атады. Айта кетейік, бұған дейін ол FIFA президенті Джанни Инфантино қолынан арнайы бейбітшілік сыйлығын алған болатын.
FIFA бас хатшысы Маттиас Графстрём Кардиффте (Уэльс) өткен Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесінің жыл сайынғы отырысында мәлімдеме жасады.
«Мен де бүгін таңертең Иран туралы жаңалықтарды сіздер сияқты оқыдым. Қазір нақты әрі егжей-тегжейлі пікір айтуға ерте. Бірақ біз әлемдегі барлық жағдайды бақылауда ұстаймыз. Біздің басты мақсатымыз – барлық құрамалардың қатысуымен қауіпсіз әлем чемпионатын өткізу», – деді Графстрём.
Оның айтуынша, FIFA турнирді қабылдайтын үш елмен тығыз жұмыс жүргізіп, барлық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салады.