Көшпенділер ойындарында тағы бір алтын қоржында

Фото: Спорт комитеті

СПОРТ
420

Қазақстандық самбошы Болат Сапар Көшпенділер ойындарында аса ауыр салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Отандасымыз 98 келіден жоғары салмақ санатында қарсыластарының бәрінен басым түсіп, алтын медаль иеленді.

Бұл Болат Сапардың халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жетістігі емес. Ол 2024 жылы Макаода өткен Азия және Мұхит аймағы чемпионатында 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, чемпион атанған болатын.

Осылайша қазақстандық спортшы кезекті мәрте өз шеберлігін дәлелдеп, ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...