Қазақстандық студент ІІІ Түркі универсиадасында алғашқы алтынды жеңіп алды

Ашық дереккөзден алынған

СПОРТ
1169

Бүгін ІІІ Түркі универсиадасы аясындағы дзюдо жарыстарының алғашқы күнінде қазақстандық студент жарқын жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Мadeniportal.kz.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Данияр Құлушев 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, турнирдің алғашқы чемпионы атанды.

Біз студентіміздің жеңісімен мақтанамыз. Данияр ерік-жігерін, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетіп, қазақстандық жастардың халықаралық аренада табысты бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл медаль – спортшының, жаттықтырушылардың және университеттің жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Данияр Құлушевтің жеңісі Қазақстанның медаль қорын ашып қана қоймай, елдің халықаралық деңгейдегі студенттік спорттағы беделін нығайтты.

Айта кетейік, ІІІ Түркі универсиадасы аясындағы дзюдо жарыстары алдағы күндері де жалғасады. Қазақстандық спортшылар жүлде қорын толықтыруға барлық мүмкіндікке ие.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...