“Футболдағы соңғы жылым”: Криштиану Роналду мансабын аяқтайды

Фото: Reuters

СПОРТ
80

Португалиялық футболшы, футболдың аңызы Криштиану Роналду қазіргі маусым оның кәсіби мансабындағы соңғы маусым болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы 41 жастағы шабуылшы «Vogue» журналына берген сұхбатында айтты.

Бұл футболдағы соңғы жылым болуы мүмкін. Мен өзімнен кейін үлкен мұра қалдырғым келеді, — деді Роналду.

Криштиану Роналду – «Алтын доп» жүлдесінің бес дүркін иегері және Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы. Португалия құрамасының сапында ол Еуропа чемпионы атанып, Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алған.

Футболшы ұлттық құрамалар, Еуропа чемпионаттары, Чемпиондар лигасы және клубтар арасындағы әлем чемпионаттары тарихындағы ең көп гол соғу көрсеткіші бойынша рекордтарға ие.

2022 жылдың желтоқсанынан бері Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін шабуылшы Португалияның «Спортинг», Англияның «Манчестер Юнайтед», Испанияның «Реал» және Италияның «Ювентус» клубтарында ойнаған.

Айта кетейік, биылды Әлем чкмпионаты оның мансабындағы соңғы қатысуы болды. Жанкүйерлер соңына дейін Португалия финалға шығып, Роналду чемпион болатынына сенген. Дегенмен, жұлдызды футболистің Әлем чемпионы атағын алу мақсаты орындалмады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сайлау науқаны кезеңінде журналистер, блоге...

PESTEL

Қырғызстандағы Жеңіс шыңында қаза тапқан ресейлік альпинист Наталья Наговицинаның денесін алып түс...