Футболдан Қазақстан құрамасының Грузиядағы матчі төбелеспен аяқталды

Фото: видеодан скриншот

СПОРТ
121

Грузиялық БАҚ Батумидегі турнирде Қазақстанның U-16 құрамасы мен Тбилисидің "Динамо" командасы арасында жанжал шыққанын хабарлады. Видеоға сүйенсек, төбелестің кесірінен матч бірнеше минутқа тоқтатылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Жасөспірімдер "Батуми кубогы" жолдастық турнирінің жартылай финалдық матчінде төбелесе кеткен. Қазақстан командасы кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жетіп, эмоцияның жанжалға ұласқанына қарамастан, финалға жіберілді.

"Эмоциялар шектен шығып жатыр. Иә, алаңда аздаған жанжал болды, бірақ бұл ерлер ойыны, оның еш қорқынышы жоқ. Осындай ойындар арқылы біз өсеміз", - деді деді матч аяқталғаннан кейін Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Есімбек Нұрахметов.

Финалда біздің команда испаниялық "Вильярреалдағы" құрдастарынан есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады. 

Федерация өкілдері турнир аяқталғаннан кейін грузиялық әріптестерінен хат алғанын айтты. Грузия футбол федерациясының хатында қазақстандық футболшыларға ешқандай кінәрат жоқ екені атап өтіліп, командаға турнирге қатысқаны үшін алғыс білдірілген.

Біздің федерацияға келетін болсақ, оның да турнир қорытындысы бойынша грузиялық әріптестеріне ешқандай өкпе-назы жоқ. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қазақстанның табиғи байлығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және &laqu...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, қонақжайлық танытқаны және БҰҰ Биоалуантүр...