Қазақстанның ірі қалаларында азаматтардың құпия деректерін заңсыз таратты деген күдікке ілінген қыдм...
Соғыс шебінен жеті адам шығарылды: Мейірман Шекеев қуанышты жаңалық айтты
ашық дереккөз
152
Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында соғыс аймағынан жеті адамның қауіпсіз жерге жеткізілгенін хабарлады, деп жазады MadeniPortal.kz.
Оның айтуынша, соғыс шебінде болған жеті адам Ресейдің Воронеж қаласына жеткізілген. Енді олардың елге оралуы күтіліп отыр.
«Алла қаласа, балалардың жетеуі соғыс шебінен алдырылып, Воронежге жеткізілді. Елге келетін күн де алыс емес сияқты. Лайым, жақсы жаңалық көп болғай», – деп жазды Мейірман Шекеев.
Бұл хабар соғыс аймағында жүрген азаматтардың тағдырына алаңдаған жұрт үшін үміт сыйлайтын жаңалық болды.
Әзірге олардың Қазақстанға нақты қашан оралатыны белгісіз. Сондай-ақ азаматтардың соғыс аймағынан қандай жағдайда шығарылғаны жөнінде қосымша мәлімет жарияланған жоқ.