Испанияда матч кезінде футболшының жүрегі тоқтап қалды

Фото: ЖИ

СПОРТ
106

Испанияда матч кезінде футболшының жүрегі тоқтап қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Тенерифенің» испаниялық шабуылшысы Хесус де Мигель «Андоррамен» матчтың соңында қақпашы Иссус Овононың тізесімен жасаған соққысынан кейін есінен танып қалды. 

Оның жүрегі тоқтап, алаңда оған жүрек-өкпе реанимациясы жасалды деп хабарлайды «Тенерифе» клубы.  

Жедел жәрдем көлігінде оның жүрек соғысы мен тынысы қалпына келді. Қазір футболшы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Клуб мәліметінше, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Осыған байланысты матч  тоқтатылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ре...