Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтетін Азия чемпионатына қатыс...
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан UFC-ге ауысатынын мәлімдеді
Фото: әлеуметтік желіден
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әлеуметтік желіде қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен бірге түскен суретін жариялап, UFC-ге ауысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Қарастырдық. Сөйтіп UFC-ге шығатын болдым», – деп жазды спортшы суреттің сипаттамасында.
Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Жанкүйерлердің бір бөлігі Ризабектің таңдауын қолдап, болашақта Шавкат Рахмоновпен бірге UFC чемпионы атанып, Қазақстанның абыройын асқақтатады деген сенім білдірді.
Алайда бұл шешімге қарсы пікір айтқандар да аз емес. Олар Ризабек Айтмұхан алдымен Олимпиада чемпионы атанып, содан кейін ғана аралас жекпе-жекке ауысуы керек деп есептейді.
Соған қарамастан, палуанның бапкері Еркебұлан Кешубаев Ризабектің MMA-ға ауысатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Айта кетейік, бұған дейін Ризабек Айтмұхан Instagram парақшасында жариялаған сұхбат үзіндісінде өзінің басты мақсаттарының бірі – Олимпиада чемпионы атану және Real American Freestyle (RAF) турнирінің белбеуін жеңіп алу екенін айтқан.