Қазақстанның жас өрт сөндірушілері әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Фото: ТЖМ

СПОРТ
367

Ресей Федерациясының Саранск қаласында өтіп жатқан жасөспірім ұлдар арасындағы XIV әлем чемпионатының, сондай-ақ жасөспірім қыздар арасындағы X әлем чемпионатының жарыстары жалғасын тапты, деп хабарлайды Мadeniportal.kz.

Үшінші кезең 4х100 метр өрт эстафетасы сайысында жалғасты. Қатысушылар жоғары дайындық пен мықты бәсекелестікті көрсетті.

Қыздар құрамасы Беларусь, Болгария, Ресей және Словакия спортшыларымен сынға түсіп, төртінші орынға ие болды.

Ал ұлдар арасындағы тартысты додада Беларусь, Ресей, Словакия және Қазақстан құрамалары медаль үшін сайысты. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қазақстан Республикасының құрамасы Шығыс Қазақстан облысынан Никита Боков,  Артём Виноградов, Радмир Каримов, Астана қаласынан Юсуф Мұратұлы.

Бұл нәтиже жас спортшыларымыздың рухының мықтылығын, кәсіби шеберлігін және жоғары деңгейдегі дайындықтарын айқын көрсетті.

Бүгін чемпионаттардың шешуші күні өтеді, қатысушылар жауынгерлік қанат жаю сайысында бақ сынайды.

 

 

 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...