Қазақстан бокс федерациясы АІВА президенті міндетін уақытша атқарушы Мұхаммед Мустасанға Василий Лев...
58 жастағы көкшетаулық шахматшы Азия чемпионы атанды
58 жастағы көкшетаулық шахматшы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның дерегінше, Алматы қаласында өткен жарысқа Азия және Океанияның 17 елінен 70 спортшы қатысып, бақ сынаған. 10-шы рет өтіп отырған чемпионат тоғыз раунд бойынша Швейцария әдісімен өтті.
Классикалық шахматқа жасы 50-де асқан ерлер қатысты. Ұлттық құрама сапында болған ақмолалық шахматшылар жоғары нәтиже көрсетіп, бір алтын, бір күміс және үш қола медаль иеленді. «Оның ішінде халықаралық гроссмейстер Серікбай Темірбаев 50-65 жастағы ерлер арасында «Рапид» әдісі бойынша чемпион атанса, «Классика» әдісі бойынша екінші, «Блиц» әдісі бойынша үшінші орын алды. Ал, ҚР спорт шеберлігіне үміткер Ханиф Хусаинов 65 және одан жоғары жастағылар арасында «Рапид» және «Классика» әдістері бойынша қола жүлдеге қол жеткізді.
Сонымен бірге, ол ФИДЕ шеберінің нормативін орындады», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.