«Астана» футбол клубы жабылуы мүмкін

Фото: ФК Астана

СПОРТ
813

Қазақстан футболының ең қымбат жобаларының бірі, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған "Астана" бүгінде бұрын-соңды болмаған дағдарыстың қақ ортасында тұр деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz -ке сілтеме жасап. 

"Самұрық-Қазына" қорының 2026 жылға арналған ресми жоспары бойынша клубқа мүлде қаржы бөлінбейтіні белгілі болды. Бұл дабыл қағатын жағдай. 

Клуб ойыншылары биыл бар болғаны бір рет қана жалақы алған. Бапкерлік штаб та осы күйді бастан кешіріп отыр. А5 кеңседегі қызметкерлердің кейбірі үш айдан бері еңбекақысын алмағаны белгілі болды. Қазір елордалық команда жедел түрде инвестор іздеу үстінде. 

"Астана" - жай ғана клуб емес, Қазақстан футболының айрықша бренді. Бұл брендтің жоғалуы бүкіл Премьер-лига үшін ауыр соққы болмақ. Таяу арада инвестор табылмаса, клуб жабылуы мүмкін. 

Демеушілік жасап жүрген кішігірім акционерлік қоғамдар "Самұрық" бөлгендей қаражат бере алмайды. Марин Томасов секілді 30 млн теңге айлық алатын легионерлері бар, әр жыл сайын еурокубокте өнер көрсететін команда шығындарын өтеп отыру кез-келген компанияның қолынан келмейді. Соңғы алты жылда "Самұрық-Қазына" "Астана" командасын қаржыландыруға 50 млрд теңге жұмсапты. Алайда сол уақыттарда ақшадан таршылық көрмеген ұжымның футболдағы нәтижесі жақсы деуге келмейді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...