Мықтылар тартысы: “Қайрат” “Ордабасыны” өз алаңында аямады

Фото: f.c.kairat

СПОРТ
114

Бүгін Алматыда қазақ футболындағы маңызды матчтардың бірі өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ҚПЛ-дің 19-туры аясында алматылық “Қайрат” пен шымкенттік “Ордабасы” клубтарының арасындағы тартысты матч өтті. Бұл матч басқа матчтардан ерекше болды. Себебі чемпиондыққа үміткер болып келе жатқан екі команда да кестедегі 1-орынды иеленуге барын салды. 

Бүгінгі ойында алғашқы голды “Қайраттың” шабуылшысы Марк Гуаль салып, 1-таймды жеңіспен аяқтады. Екінші таймда Юккола гол соғып есепті еселесе, Ордабасылық Йонсен ойынның соңғы минуттарында есеп айырмасын қысқартты. Матч 2-1 есебімен аяқталып, алматылық “Қайрат” өзінің лайықты бірінші орнына тұрақтады. Ең қызығы Шымкентте өткен бірінші кездесу де дәл осындай есеппен аяқталып, Ордабасыға жеңіс сыйлаған болатын. Бүгін шымкенттік команда 11 автобуспен арнайы келген жанкүйерлеріне Алматыда жеңіс сыйлай алмады. Ал, “Қайрат” клубы чемпиондыққа таласпен қатар Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде де тартысты ойындар өткізуде. 

Айта кетейік, екі ай бұрын 12-турда Шымкентте өткен матчта “Қайрат” өз алаңында ойнаған “Ордабасыға” есе жіберіп, маусымдағы алғашқы “жеңілісіне” тап болған еді. Дәл бүгінгідей ол матчта да есепті алматылықтар ашып, алғашқы голды Джорджиньо салған болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 ай ғарышта болған "Союз МС-28" халықаралық экипаж Қазақстанға, Байқоңырға келіп қонды, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ведомствоның мәліметінше, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік...