«Челси» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының вингері Дастан Сатпаев Чемпионшипте өнер...
Көшпенділер ойынында екінші алтын қоржында: Аударыспақта алға шықтық
Фото: ЖИ
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде аударыспақтан сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан финалда топ жарды, деп хабарлайды MadenipPortal.kz.
Аударыспақ – ат үстінде күш пен ептілікті, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақтың дәстүрлі ұлттық спорты.
Бүгінде елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.
Айта кетейік, Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Биылғы жарысқа 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы қатысып, 43 спорт түрінен бақ сынауда. Ойындарда көкпар мен көкбөрі жеке спорт түрлері ретінде өткізіліп, көшпелі халықтардың ұлттық дәстүрі кеңінен дәріптелуде. Жарыстардың негізгі бөлігі Ыстықкөл облысының Чолпон-Ата қаласы мен Қырчын шатқалында ұйымдастырылуда. Биылғы ойындардың талисманы ретінде қырғыз жерінде мекендейтін қар барысы таңдалған.