Анастасия Городко Австриядағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

ҰОК

СПОРТ
115

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Австрияда өткен FIS Open халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жарыс Австриядағы Хинтертукс мұздығында өтті. Қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы бәсекеде 74,04 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті.

Екінші орынды 71,41 ұпаймен жапониялық Мио Тани иеленсе, оның отандасы Марин Ито 70,66 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан атынан тағы екі спортшы өнер көрсетті. Юлия Феклистова 52,55 ұпаймен 13-орынға тұрақтаса, Юлия Мокина 25,63 ұпай жинап, 22-орын алды.

Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандықтардан ең жоғары нәтижені Павел Колмаков көрсетті. Ол 72,34 ұпаймен сегізінші орынға ие болды.

Федор Бугаков 10-орынға, Максим Емельянов 11-орынға, Семен Русаков 13-орынға тұрақтады. Ал Даниил Коротков 20-орын, Ильнар Ибрагимов 21-орын, Алексей Дегтярев 24-орын және Дмитрий Пятаков 43-орын алды.

Ерлер арасындағы жарыста жапониялық Такэто Нисидзава 79,63 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды да Жапония спортшылары Иккэй Фудзимура мен Рема Хаяси иеленді.

Осылайша Қазақстан құрамасы Австриядағы халықаралық жарысты бір алтын медальмен аяқтады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2030 жылға дейін жолаушылар вагондарының 90 пайызын жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласының әкімдігінде кезекті кадрлық өзгеріс болды. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті...