Криштиану Роналду Ұлттық құрамасына қандай жағдайда оралатынын айтты

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
158

«Әл-Наср» мен Португалияның шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрамаға тек бір жағдайда оралатынын мәлімдеді, ол үшін бас бапкер Жорже Жезуш отставкаға кетуі керек,  деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы CNN Portugal журналисі Руи Сантуш мәлімдеді.

Оның жазуынша, Жезуштың Норвегиямен болған матчтан кейінгі брифингте айтқаны Роналдудың ашуын тудырған. Бас бапкер ол кезде өзін кінәлі сезінбейтінін және Роналдудың артынан кешірім сұрап бармайтынын мәлімдеген еді.

Роналду мен Жезуш арасындағы дау Ұлттар лигасы аясындағы турнирдің екінші турында басталған еді. Норвегиямен болған матчта шабуылшыны алаңға шығармағаны үшін ол келесі күні жаттығу лагерінен кетіп қалған болатын. Артынша ұлттық құрама сапында енді ойнамайтынын мәлімдеді.