Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

ашық дереккөз

СПОРТ
284

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаушылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Басты жаңалық - қазақстандық спортшы, олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемнің үздік үштігіне енді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Ол 3918 ұпай жинап, құрметті үшінші орынға тұрақтады. Ерлер арасындағы жекелей сында американдық Илья Малинин 4590 ұпаймен көш бастап тұрса, екінші орынды 4123 ұпай жинаған жапондық фигурист Юма Кагияма иеленді.

Ал олардан кейінгі үшінші сатыға отандасымыз Михаил Шайдоров жайғасты. Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан атынан үздік нәтиже көрсеткен Софья Самоделкина әлемдік табельде 13-ші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ мұздағы би сайысында ел намысын қорғайтын Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев жұбы Халықаралық конькишілер одағының жаңартылған тізімінде 44-позициядан көрінді.

Михаил Шайдоровтың бұл жетістігі қазақстандық мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияның Ява теңізінде жолаушылар кемесі аударылып, 129 адам жоғалып кетті. Оларды іздеуге 600-д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей...