Танымал футболшының ұлы апаттан көз жұмды

Фото: Richard Pelham - The FA/Contributor/The FA Collection/Gettyimages.ru

СПОРТ
1006

Ағылшын құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі бапкері Стюарт Пирстің ұлы — Харли Пирс 21 жасында қайғылы жағдайда қаза болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ BBC агенттігіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Англияның Глостершир графтығында болған. Полиция мәліметінше, апат кезінде тек бір техника – трактор қатысқан.

Харли Пирс өз ауыл шаруашылығы компаниясын басқарған. Daily Mail басылымының жазуынша, апатқа трактордың дөңгелегі жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Өкінішке қарай, ол оқиға орнында көз жұмған.

Айта кетейік, Стюарт Пирс 1987–1999 жылдар аралығында Англия құрамасы сапында 78 матчқа шыққан. Клубтық мансабында ол «Ноттингем Форест», «Вест Хэм», «Ньюкасл» және «Манчестер Сити» командаларының намысын қорғаған. Кейін жастар мен Олимпиада құрамасын жаттықтырған, сондай-ақ 2012 жылы ұлттық құраманың бас бапкері міндетін атқарған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...