Месси Ямальдің сәби кезінде түскен суретіне пікір білдірді

Фото: ашық дереккөзден

СПОРТ
170

Аргентина футбол құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямальды сәби кезінде шомылдырып тұрған фотосуретке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл сурет Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған жобалардың бірі аясында түсірілген.

«Бұл сурет – ақылға сыймайтын жағдай. Мен онымен сәби кезінде суретке түстім, ал енді көп ұзамай әлем чемпионатының жеңісі үшін бір-бірімізге қарсы ойнаймыз. Бұл шынымен де таңғаларлық», – деді Месси.

Ол сондай-ақ Ямальдың қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.

«Күмәнсіз, қазір ол – әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі. Оған зор табыс тілеймін. Себебі оның жетістігі "Барселона" үшін де пайдалы. Дегенмен біз үлкен ойын өткізу үшін барымызды саламыз және оған өзінің үздік ойынын көрсетуге мүмкіндік бермеуге тырысамыз. Бұл оңай болмайтыны анық. Біз тек Ламинді ғана емес, Испания құрамасының түгел командасын тоқтатуға күш саламыз. Олардың сапында жоғары деңгейдегі футбол көрсетіп жүрген өте мықты ойыншылар бар», – деп қосты Месси.

Әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Испания құрамалары кездеседі. Матч бүгін АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресми мәлімдемеге сенсек, операцияның негізгі мақсаты — Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бассейнге демалуға барған ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....