Михаил Шайдоров Олимпиададағы алтын жүлдесі үшін қанша сыйақы алады?

Фото: Сали Сабиров

СПОРТ
575

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылы қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісі үшін ресми ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін мұндай төлемдердің мөлшері Туризм және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілгені хабарланған еді. Құжатқа сәйкес, Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алған қазақстандық спортшыларға 250 мың долларға тең сома теңгемен төленеді.

Қазіргі валюта бағамын есепке алғанда, Шайдоровқа берілетін сыйақы шамамен 123,7 миллион теңге болады. Қазір бұл Қазақстан құрамасының 2026 жылы Олимпиада ойындарындағы жалғыз медалі.

Сонымен қатар, олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің бапкерлеріне де арнайы төлемдер қарастырылған. Атап айтқанда, Шайдоров ресейлік маман Алексей Урмановтың жетекшілігімен жаттығады. Оған да тиісті сыйақы беріледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайды: жаңбыр қарға ауысып, жел күшейеді, ал ауа температ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...