19 жеңіс, 0 жеңіліс: Шавкат Рахмоновқа UFC-де қауіпті қарсылас табылды

ашық дереккөз

СПОРТ
148

UFC-де жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов октагонға оралуына қатысты жаңа ишара жасады. Әлеуметтік желідегі жазбаларына қарағанда, оның келесі қарсыласы эквадорлық Майкл Моралес болуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Рахмонов әлеуметтік желіде екі видео жариялаған. Бірінде «19-0 vs 19-0» деген жазу болса, екіншісінде «2027»деген белгі мен өрмекші эмодзиі қолданылған. ММА басылымдары мұны кәсіби мансабында 19 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен Майкл Моралеске жасалған ишара деп бағалап отыр. Екі файтердің де рекорды – 19 жеңіс, 0 жеңіліс. 

Бұған дейін Моралес те қазақстандық спортшымен кездесуге қызығушылық білдірген. Ол Рахмоновты титулдық жекпе-жекке барар жолдағы дивизионның «соңғы боссы» деп атаған. Қазіргі болжам бойынша, Рахмонов – Моралес жекпе-жегі 2027 жылдың қаңтар немесе ақпан айында өтуі ықтимал. Алайда UFC әзірге бұл кездесуді ресми түрде жариялаған жоқ.

Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылғы желтоқсанда UFC 310 турнирінде октагонға шығып, Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді. Содан бері жарақатына байланысты жекпе-жек өткізген жоқ. Оның 19 жеңісінің 18-і мерзімінен бұрын аяқталған.

Моралес те әзірге жеңілістің дәмін татпаған. Эквадорлық файтер соңғы кездесуінде Шон Брэдиге қарсы шығып, оны бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық актриса, продюсер әрі режиссер Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты көпшілік біле бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция «Айша» сауда орталығында жаңа бутиктің ашылуы кезінде болған жаппай кептеліске қ...