Атақты футболшы қыз зорлады деген күдікке алынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
1931

Мадридтің «Реал» ұлттық құрамасының және Франция құрамасының шабуылшысы Килиана Мбаппе қыз зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады madeniportal.kz azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Килиан Мбаппе Стокгольмде (Швеция) зорлау фактісі бойынша күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Футболшының өзі әлеуметтік желілерінде бұл жаңалық жалған екенін айтты.

Швецияның TV4 порталы хабарлағандай, 12 қазанда зорлау құрбандарына арналған аурухана бөліміне Килиан Мбаппе зорлады деп мәлімдеген әйел көмек сұрап барған.

Қылмыс орны – Стокгольм қаласының орталығындағы футбол жұлдызы орналасқан қонақ үй. Оқиға орнында полиция мамандары тексеру жүргізді.

 Сондай-ақ, дереккөз полицияға зорлау фактісі бойынша күдікке ілінгені туралы мәлімдеме түскенін, бірақ тергеу кезінде ақпарат жарияланбағанын хабарлайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды, деп хабарлайды MadeniPirtal.kz. Қызылорда облысынд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру...