Бокстан Азия чемпионаты: 3 жылдан кейін рингке оралған Абылайхан Жүсіп жартылай финалға өтті

Ашық дереккөзден алынған

СПОРТ
2093

Бүгін бокстан Азия чемпионатының бесінші жарыс күнінде 71 келіде Абылайхан Жүсіп шаршы алаңға шықты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Таиланда өтіп жатқан бәсекеге 2021 жылы Белградтағы әлем чемпионатының қола жүлдесін еншілеген Абылайхан Жүсіп 3 жылдық үзілістен кейін қатысып жатыр.

Ол 1/4 финалда Түрікменстан боксшысы Байрамдүрді Нұрмұхамедовты қапы қалдырды. 3 раундтық жекпе-жекте Абылайханның қарсыласы 1 рет нокдаунға түсті. Нәтижесінде 5:0 есебімен отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Енді Абылайхан Жүсіп 8 желтоқсан күні жартылай финалда Тәжікстан спортшысы Шохбожон Шукуровпен қолғап түйістіреді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...