Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбанов отбасын құрды

Inbusiness.kz

СПОРТ
2671

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйленді. Оның таңдауы спорттық гимнаст Аида Бауыржанова болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спортшылар өмірлеріндегі маңызды күннің фотосуреттері мен бейнежазбаларды әлеуметтік желідегі парақшаларында бөліскен. Кадрларға қарасақ "қыз ұзату" рәсімі Астанада өткен.

Кеш қонақтары гимнасттардың туыстары, достары мен әріптестері болды.

Естеріңізге сала кетейік, 3 тамызда қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс медалін жеңіп алды. 

Жеңістен кейін Құрбанов қызына ұсыныс жасағысы келетінін мәлімдеді. Ол үш жыл бұрын үйленуге уәде берген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...