Қазақстан футзал құрамасы екінші ойында Өзбекстанды 5:2 есебімен жеңді

instagram.com/kff_team_futsal

СПОРТ
401

Қазақстан құрамасы мен Өзбекстан арасында өткен екінші жолдастық кездесуде қазақстандықтар 5:2 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды  MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Екі елдің бапкерлік штабтарының келісімі бойынша матч жабық форматта, көрермендер мен тікелей трансляциясыз өтті.

Қазақстан құрамасынан Азат Валиуллин, Альберт Ақбаликов, Біржан Оразов және Ақжол Дәрібай гол соқты.

Бұған дейін өткен алғашқы ойында Өзбекстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турниріне қатыспайды. Келесі ресми сын — Әлем чемпионаты – 2028 іріктеу кезеңі, ол 2026 жылы басталуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Джеки Чанның командасының Ақтауға келгені туралы ақпарат берілген видео пайда болд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...