"Олимпиаданың күміс жүлдесі – үлкен марапат" - Геннадий Головкин Нұрбек Оралбайды жеңісімен құттықтады

Фото: gov.kz

СПОРТ
2150

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президені Геннадий Головкин Нұрбек Оралбайды жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды madeniportal.kz

«Ұлттық Олимпиада комитеті мен жеке өз атымнан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын. Бүгін барша қазақстандық Сізбен бірге шаршы алаңда болды десек, артық емес. Олимпиаданың күміс жүлдесі – үлкен марапат. Сіз жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсеттіңіз. Сонымен қатар, Нұрбектің жеке бапкері Асқар Еркебаевты да құттықтаймын! Ол шәкіртін Олимпиада тұғырына алып келген мықты маман екені анық. Сіздердің алғашқы Олимпиадаларыңыз спорттық мансабыңыздың тек бастамасы болсын. Жеңісіміз арта берсін, еліміздің көк байрағы биікте желбірей берсін», - Геннадий Головкин. 

Айта кетсек, Париж Олимпиадасына бас бапкер Мырзағали Айтжанов жеті боксшы алып барған болатын. Өкінішке қарай, оның алтауы қарсыласқа есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.

Ал әйелдер боксынан лицензия жеңіп алған үш боксшының екеуі алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолын аяқтаса, тек олардың арасынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай ғана ел үмітін ақтады. Ол ел қоржынына Олимпиада ойындарының үшінші қола жүлдесін сыйлаған еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...