Қостанайлық жастар «Дала Қырандары» қозғалысына қосылды

Фото: «Дала Қырандары»

СПОРТ
1062

Қостанайда «Дала Қырандарының» жаңа мүшелеріне төсбелгілер табысталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Қостанай қаласында «Дала Қырандары» қозғалысының жергілікті бөлімшесі жаңа мүшелермен толықты. Салтанатты рәсім барысында үміткерлерге ұйымның ресми төсбелгілері табысталып, олар қозғалыс қатарына ресми түрде қабылданды.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, төсбелгі — үміткерлердің рухани дайындық кезеңін сәтті аяқтап, ұйым құндылықтарын қабылдағанын білдіретін маңызды белгі. Жаңа мүшелер ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әділдік пен бірлікті нығайту жолында қызмет етуге дайын екендері атап өтілді.

«Дала Қырандары — мықты рухты, елжанды жастардың таңдауы», — деді шара ұйымдастырушылары.

Осылайша, Қостанайдағы қырандар қатары кеңейіп, ұйымның өңірдегі жұмысы одан әрі күшейе түсті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мүфтият марқұмдардың бейнесін жасанды интеллект арқылы жандандыруға қатысты түсініктеме берді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының Вице-Президенті Ерлан Қарин 2026 жылы Абай атындағы әдебиет пен өнер сал...