Төрехан Сабырхан Азия ойындарында алғашқы қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді

Фото: Туризм және спорт министрлігі

СПОРТ
385

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше әлем чемпионы Төрехан Сабырхан (-70 кг) Азиададағы алғашқы жекпе-жегінде Қатар былғары қолғап шебері Мұхаммед Дбичимен жұдырықтасты.

Отандасымыз айқастың басынан тізгінді уысынан шығармай, сенімді жеңіске жетті. Есеп: 5-0.

Төреханның ширек финалдағы қарсыласы енді анықталады.

Жапонияның өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарына Қазақстаннан барлығы 11 боксшы аттанды: 6 ер, 5 әйел.

Ерлер: Махмұд Сабырхан (55 кг), Оразбек Асылқұлов (60 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг), Сабыржан Аққалықов (80 кг), Нұрбек Оралбай (90 кг), Айбек Оралбай (+90 кг).

Әйелдер: Алуа Балқыбекова (51 кг), Назым Қызайбай (54 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (65 кг), Наталья Богданова (75 кг).

Бокс бәсекелері 21 қыркүйекте басталды, финалдар 2 қазанда өтеді. Барлығы 11 салмақ дәрежесінде медаль сарапқа салынады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы коммуналдық қызметтердің құны айына қанша теңгені құрайды және шаршы метр бойынша әр е...

PESTEL

Ганада Uber такси қызметінің жүргізушісі үш әйелдің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағанын мәлімде...