«Қайрат» – «Пафос» матчына қанша билет сатылды

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
1695

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда өтетін алматылық «Қайрат» пен Кипрдің «Пафос» командалары арасындағы матчта стадионның жартысы бос болмақ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл кездесуге билеттер 13 қазаннан бастап сатылымға шыққан болатын. Көпшілік күткенімен, баға арзандаған жоқ – билеттердің құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін сақталған.

Мұндай баға кейбір жанкүйерлер үшін қолжетімсіз болып, Чемпиондар лигасы матчында алматылық клубты қолдауға кедергі келтірді.

Дереккөз мәліметінше, матч басталардан жеті сағат бұрын шамамен 11 мың билет сатылған.

Айта кетейік, Орталық стадионның сыйымдылығы – шамамен 23 мың орын. 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Айдана Меденова босану кезінде басынан өткен қиын сәттерді еске алды. Өнер иесі бұл т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде ер адам дәрігерге шабуыл жасап, оны мойн...