«Барыс» командасының бас бапкері қызметінен кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
2693

Ресейлік Евгений Королев «Барыс» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады madeniportal.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Клубтың тізгінін Вячеслав Буцаев ұстауы бек мүмкін. 54 жастағы маман келіссөздің соңғы бөлігі үшін Қазақстанға келеді.

Мәскеудің «Динамосына» қарсы ойында бапкердің қызметін атқарушы Евгений Королев болды.