Қыздар арасында Нью-Делиде әлем чемпионаты өтіп жатыр.Кеше боксшы қыз Назым Қызайбай 2023 жылғы әлем...
Қазақ футболының жұлдызы Дастан Сәтпаев жанкүйерлерімен қоштасты
Фото: pflkaz
“Қайрат” футбол клубы Қазақстан премьер лигасының 17 туры аясында “Қызылжар” командасын өз алаңында ойсырата жеңді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алматының орталық стадионында 17 маусым күні ҚПЛ-дік 17 туры “Қайрат” пен оның жанкүйерлері үшін қимастық пен қуаныштың қатар келген күні болды. Алматылық команда өз алаңында Қызылжарды 3-0 есебімен жеңіп, толық ұпай еншілеп қуантты. Бұл матч Челсиға ауысып жатқан Дастан Сәтпаев үшін “Қайрат” сапындағы соңғы әрі қоштасу матчы болды. Осындай маңызды күні талантты жас футболшы бір ойында 2 гол салып дубль жасап, командасын алға шығарып, өзінің Алматылық командадағы ойынын әдемі голдарымен қорытындылады. Айта кетейік, 3-голдың авторы академияның түлегі Исмаил Бекболат.
Айтып өткеніміздей, кешегі Қайрат-Қызылжар матчы қуаныш пен қимастықтың қатар келген күні болды. “Қайрат” жеңіске жеткенмен, Дастанмен қоштасып, біраз жанкүйердің қимастық көз жасына себеп болды. Дастан Сәтпаев ойын аяқталған соң 2 мәрте алаңды айналып келген барша жанкүйерге алғыс білдіріп шықты. Сондай-ақ матч барысында Төреғали Төреәлі Дастанға арналған жаңа әнін орындап, футболшымызға сыйлық жасады.
Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында журналистер “Қайрат” клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтинге алдағы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіндегі бірінші қарсыласқа қатысты дайындық, ойыншылардық позицияларының ауысуы туралы сұрақтар қойды. Рафаэль Уразбахтин Дастанның орны босап қалғанын, оның позициясына дәл сол ойыншы секілді мықты болып өзіміздің ойыншылар шыға ма, легионер шыға ма айырмашылық жоқ екенін, ең бастысы Сәтпаев сияқты ойын көрсетуі маңызды екенін айтып өтті.